Павлодарда бокстан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Рафаэль Вахитовтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Финалдық сайыста мына былғары қолғап шеберлері өзара сайысқа түсті:
52 кило: Махмет Төлегенов – Кәрім Серкембаев 57 кило: Эрнест Көкімбаев – Нартай Ибадулла
63 кило: Досжан Қабен – Михаил Сулимау (Беларусь) 69 кило: Ерболат Зейнолла – Аятолла Тәкіжанов
91 кило: Марат Григорян (Украина) – Артем Пчеляков
Бұл бәсекелердің барлығы бірінші раунда тоқталып, жеңіс есімдері алғашқы жазылған боксшылардың еншісіне жазылды. 75 кило: Нұрқанат Райс – Иван Ерхов (Ресей) 3:0 81 кило: Шаймұрат Құсайынов – Михаил Коханчик (Казахстан) 3:0.
+91 кило: Мұхамеджан Еркін – Олжас Боқаев 2:1