• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қараша, 2019

Кәсіпқой бокс: Батыр Жүкембаев Монреальда жұдырықтасады

511 рет
көрсетілді

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев өзінің келесі кездесуін желтоқсан айында Канаданың Монреаль қаласында өткізеді.

2016 жылдың мамыр айында кәсіпқой рингке қадам басқан қандасымыз сол кезден бері 17 бәсеке өткізіп, барлығын өз пайдасына шешті. 13 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Соңғы рет 26 қыркүйекте шаршы алаңға шығып, өте тәжірибелі Мексиканың боксшысы, әлемнің экс-чемпионы Мигель Васкестен ұпай санымен басым түсті.

Әзірге Батыр Жүкембаевтың кіммен жекпе-жекке шығатыны белгісіз. Қазіргі кезде қазақ жігіті WBA Continental және IBF Inter-Continental нұсқалары бойынша алтын белбеуді иеленуде.