• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Руханият 01 Қараша, 2019

Қызылордада республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

429 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 9 қарашада Қызылорда қаласында «Текті сөздің төресі - терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.

Байқауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды еліміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бір-бір үміткерлер орындап, өз бақтарын сынайды.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.

Іс-шараға өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.

Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетеді.