• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қараша, 2019

Теннис: Денис Евсеев ширек финалда ұтылды

178 рет
көрсетілді

Қытайдың Шэньчжен қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық теннисші, әлемнің 311 ракеткасы Денис Евсеев ширек финалдан аса алмады.

1/8 финалда жерлесіміз өте тәжірибелі Ресейдің өкілі, Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері, кезінде «ТОП-50» ойыншының қатарына енген Теймұраз Габашвилиді 6:4, 5:7, 7:6 есебімен ұтқан еді. Ширек финалда оның жолы АТР рейтингінде 219 орында тұрған мысырлық Мұхаммед Сафватмен қиысты. Екі сеттік сайыс 5:7, 2:6 есебімен қарсыласының пайдасына шешілді.