Бүгін Беларусьтің Гродно қаласында ауыр атлетикадан халықаралық турнир өтеді. 5 қарашаға дейін жалғасатын жарыста әлемнің әр қиырынан жиналған 300-деп аса спортшы сайысқа түседі.
Айтулы додада Қазақстанның бес өрені өнер көрсетеді. 81 кило салмақта Олимпиада мен әлем чемпионы Нижат Рахимов бақ сынайды. Соңғы кездері сүреңсіз өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз осы жолы жеңіс тұғырына көтеріледі деп үміттенеміз.
81 кило салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы Денис Уланов ел намысын қорғайды. 55 кило салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Игорь Сонның өнерін тамашалаймыз.
Әйелдер сайысында әлемнің үш дүркін чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Зүлфия Чиншанло (55 кило) мен Екатерина Быкова (71 кило) жарыс көрігін қыздарады.