• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2019

Атырауда «қосу» таңбасы бар бағдаршамдар орнатылды

1029 рет
көрсетілді

Облыс орталығында жаңа жол белгісі пайда болды.

Күре жолдар қиылысатын тұстағы бағдаршамдардан қосымша «қосу» таңбасы жанады. Бұл солға және оңға бұрылатын жүргізушілердің бағытын реттейді. Яғни, қосалқы қосу шамы жанғанда қарсы беттегі көлік легінің қозғалысы тоқтап, бұрылуға бағыт алған жүргізушілерге жол беріледі. Ал, бұл сигнал өшкен соң жол қозғалысы қалыпты режимде жалғасады.

Қалалық ТКШ бөлімі баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа қондырғылар Баймұханов-Бейбарыс, Бейбарыс-Амандосов, Махамбет-Уәлиханов көшелерінің қиылысына қондырылған. Алдағы уақытта бұл белгілер Бейбарыс-Тайманов және Бейбарыс-Құрманғазы көшелерінің қиылысына да орнатылады.

Бастысы қосалқы шам - жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жүргізушілер бұрылыс кезінде реттілікті сақтап, көлік қақтығыстарының алдын-алады.