«Егемен Қазақстан» газетінің жүз жылдық мерейтойына орай газет ұжымы арасында бірқатар спорт түрлерінен жарыстар өтті. Қатысушылар тоғызқұмалақ, бес асық, ләңгі тебу, асық ату секілді ұлттық спорт түрлерінен, сондай-ақ шахмат, үстел теннисі, дойбыдан сайысқа түсті. Жарыс 21 қарашаға дейін жалғасады.