• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2019

Көктемде Алматының ескі орталығы жаңарады

231 рет
көрсетілді

Алматының ескі орталығын жаңарту жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жазды.

 

«Осы мақсатта Байсейітова көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры мен ҚБТУ маңындағы скверлерді безендіру бойынша ұтқыр шешім әзірлеуге конкурс жариялаймыз. Бұл аймақты көпшіліктің сүйікті демалыс орны болатындай және музыкалық кештер, түрлі тақырыптық көрмелер, көше көріністері мен көрсетілімдер өткізетін шығармашылық ортаға айналдырамыз»,  деді Алматы әкімі.

Сондай-ақ әкім «Неделька» субұрқағын ретке келтіріп, жақын маңдағы ғимараттардың қасбеттерін жаңарту қажеттілігін атап өтті.

«Үйлесімді ландшафтық дизайнды ойластырып, сол ансамбльге сәулеттік пішіндер, аркалар мен граффитиді үйлестіру қажет. Бұлар қазіргі заманғы технологиялар арқылы жарықтандырылады. Қала тұрғындарының тілектерін ескере отырып, алматылықтардың және қала қонақтарының демалуы мен шығармашылығына жайлы қоғамдық кеңістік жасаймыз.

Жазға дайын болу үшін көктемге қарай Байсейітова көшесі мен соған жақын жатқан скверлерді қайта құрып, абаттандыру жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз», деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар нысандарды аралап,  алматылықтар үшін   маңызды жерде жаяу жүргіншілер жолы экологиялық талапқа сай оңтайландырылып, жарықтандырудың инженерлік желілері мен суару жүйесі салынатынын, бұрынғы  Саяси ағарту үйін қайта жөндеуден өткізіп, Достық пен Абай даңғылының, Пушкин мен Құрманғазы көшелерінің шаршысын да қайта жаңғырту керектігіне назар аударған болатын.

Әкімнің түсіндіруінше – Алматының тарихи және мәдени орталығы - ескі Алматының қайталанбас келбеті сақталуы тиіс.

Бұл мәселеге  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазан айының соңғы күндері Алматыға келген сапарында да сөз болды. 

 

 

АЛМАТЫ