Германияның Лейпциг қаласында қоян-қолтық күрестен әлем кубогы аяқталды. Халықаралық турнирде 26 команда және 200-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстандық әскери спортшылар «Өзін-өзі қорғау» бойынша айрықша көзге түсті. Алғашқы турда бірінші орынды Бауыржан Сыздықбаев (90 кило), екінші орынды – Әділ Қайырбаев (80 килоға дейін) және Мақсат Бекмұханбетов (80 килодан жоғары), үшінші орынды Серік Қайнарбаев (90 кило) және Қанат Баймұрзин (80 килодан жоғары) иеленді.
Екінші турда үштік көшбасшылардың ішінде қазақстандық қоян-қолтық күресшілер Жандос Асқарбекұлы (80 кило), Айбек Сәметаев (85 кило) және Жеңіс Ердәулет (90 килодан жоғары), сонымен қатар Асхат Жылысбеков (60 кило), Нұртас Жұмағазыұлы және Ермек Керімшеев (90 кило) жеңіске жетті.
Қазақстан құрама командасы командалар арасындағы жалпы есепте үшінші орынды иеленді.