• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2019

Еліміздің туроператорлары Жамбыл, Түркістан облыстарын аралады

223 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының туроператорлары Оңтүстік Қазақстан өңірінің туристік әлеуетіне қатысты өз бағасын берді. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырған екінші ақпараттық тур аясында Тараз, Шымкент, Сарыағаш пен Түркістанды алты күннің ішінде аралап үлгерген сала мамандары аталған қалалардағы туристік өнімді әзірлеу мен оны нарықта ілгерілетуге қатысты нақты тұжырымға келді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақпараттық турдың мақсаты –әр өңірдің туристік әлеуеті жайлы мәлімет жинап, ішкі туризмнің дамуына серпін беру. 

Туроператорлардың пікірінше, тарихы тереңнен бастау алатын Ежелгі Ұлы Жібек жолының бойындағы қалаларға барушылар саны көп болмақ. Оған шетелдік туристер ғана емес, қазақстандықтар да қызығушылық танытады деген сенімде.

Сондай-ақ ақпараттық турға қатысушылар әрбір өңірде кездесетін, дегенмен түп тамыры ортақ мәселенің барлығын аңғарды. Оның ішінде, шет тілдерін меңгерген экскурсия жүргізуші мамандардың тапшылығы, туристік маңызы бар нысандарда қолайлы жағдайдың жоқтығы,  меймандарды күту мәдениетінің әлі қалыптаса қоймағандығы,  шипажайларда ем-домды ұзақ қабылдайтындарға арнайы мәдени бағдарламаның ұйымдастырылмайтыны сынды мәселелер тездетіп шешімін табуы тиіс.

«Мұндай ақпараттық турларды ұйымдастыру арқылы біз елішілік тур бағдарламасына қандай нысандарды енгізуге болатынын анықтай аламыз. Сондай-ақ болашағы бар турөнімдерді қалыптастыру үшін әлі қандай жұмыстар атқарылу қажеттігі жайлы ұсыныс бере аламыз», дейді ақпараттық турға қатысушылардың бірі Салтанат Абжанова.

Туризм саласында тәжірибесі мол қызметкердің пікірінше, дәмханаларда ас мәзірін үш тілде жазу, мәдени бағдарламаны қалыптастыру сынды әрбір ұсақ-түйек туристің жадында сақталары анық.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың мамыр айында өткен республикалық ақпараттық турға еліміздің батысындағы 4 аймақтан жиналған  туроператорлар Нұр-Сұлтан – Бурабай – Шымкент – Сарыағаш – Алматы – Алматы облысы – Шығыс-Қазақстан облысы бағыты бойынша сапар шеккен болатын», делінген хабарламада.