• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қараша, 2019

Қазақстанда ет қымбаттады

168 рет
көрсетілді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақстанның үш қаласындағы ет жеткізушілерінің арасында заң бұзушылары анықтады, деп хабарлады LS.

Монополияға қарсы органның мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сиыр етін көтерме саудада өткізетін 14 кәсіпорында Кәсіпкерлік Кодекстің 170-бабында қарастырылған нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерінің белгілері болған. Оларға 10 хабарлама жіберілді. Олар 10 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

Статистикаға сүйенсек, 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде тұрған сиыр етінің бағасы елде 15,5% қымбаттады. Сонымен қатар Алматыда баға 25,8%, Шымкентте - 24%, Түркістанда - 23,4%, Нұр-Сұлтанда - 13,4% қымбаттады.