• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қараша, 2019

Іс-шара Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналды

388 рет
көрсетілді

Елордада әйгілі батыр Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған «Намыс пен Рух» атты рухани-патриоттық iс-шара өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске алу кеші Рейхстагта Жеңіс туын желбіреткен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.

«Қошқарбаевтың фашистерге қарсы соғыстағы ерліктері қазіргі ұрпақ үшін үлгі болуы тиіс. Бүгінгі іс-шараның мақсаты - Ұлы Отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысы Жеңісінің туын желбіреткен батырларын еске алу. Бұл бағыттағы біздің жұмысымыз міндетті түрде жалғасады» деп атап өтті Бақтияр Мәкен.

Кеш Оқушылар сарайының қабырғасында жалғасты. Елордалық театр әртістері соғыс жылдарында ерлiк пен қаһармандық көрсеткен батырлар туралы қойылым көрсетті. Қазақ эстрадасының көрнекті өкілдерінің орындауында патриоттық әндер шырқалды.