• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2019

Атырауда 32 көпбалалы ана баспаналы болды

493 рет
көрсетілді

Атырау облысының Индер ауданының орталығы Индербор кентінде көпбалалы 32 отбасыға «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жаңа баспана кілті табыс етілді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кенттегі «Болашақ» ықшамауданында жаңадан бой көтерген «Ару Ана» тұрғын үй алабында үлкен қуаныш. 32 көпбалалы отбасы жарық та жайлы жаңа үйдің иесі атанды. Ауданы 110 шаршы метрді құрайтын үйлер барлық негізгі қажеттіліктермен қамтылған. Баспаналы болған 5 перзенттің анасы – Эленора Мухитова:- Қуанып тұрмын… Баспана кезегінде 6,5 жылдай тұрдым. Осы уақыт ішінде анамның үйінде де тұрдым, үй жалдап та жүрдім. Бүгін, міне, баспанаға қол жеткізіп, қуанышым қойныма сыймай тұр!,дейді. Батыр аналарға пәтер кілтін өз қолымен табыс еткен аудан әкімі Мейірім Қалауидың сөзіне сүйенсек, ауданда баспана кезегінде тұрған 1218 индерлік бар болса, соның 160-ы көпбалалы отбасы санатына жататындар екен. Облыс басшысы Нұрлан Асқарұлының тікелей қолдауымен Индер ауданында бұрын-соңды болмаған қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл шара да сол жұмыстардың жемісі. Жыл аяғына дейін осы санаттағы отбасыларға тағы да 21 үй табыстағымыз келіп отыр. Ал, келер жылы осы көпбалалы отбасыларға арналған 80 пәтерлік көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға береміз деп отырмыз, деді аудан әкімі. Бұдан бөлек, 2020 жылы аудан орталығында баспана қоры 48 пәтерлік 4 көпқабатты үймен толықпақ. Бұл үйлер де кезекте тұрған азаматтарға табысталатын болады. Оған қоса, бүгін «Ару Ана» тұрғын үй алабы жанынан салынған 80 орындық музыкалық мектеп пайдалануға берілді. Онда тұрғын үй алабында тұратын 250-ден астам баладан бөлек, Индербордың басқа да өнерпаз жастары домбыра, баян, фортепиано, вокал, хореография үйірмелеріне қатыса алатын болады.