• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Бокс 09 Қараша, 2019

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

428 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Нигериядан шыққан канадалық Альберт Онолуносе WBC Continental Americas және WBO Global титулдары үшін жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Қазақстандық спортшы қарсыласынан ауыр болып шықты. Осылайша, Әлімханұлы таразыда 72,1 келіні, Онолуносе 71,6 келіні көрсетті.

Он раундтық жекпе-жек Калифорния штатындағы Фресно қаласындағы Chukchansi Park аренасында өтеді. 10 қарашада "Хабар" арнасында сағат 08:00-де тікелей эфир басталады.

Жәнібек Әлімханұлы 17 тамызда Лос-Анджелесте өткен соңғы жекпе-жегінде канадалық Стюарт МакЛелланды бесінші раундта нокаутқа түсіріп, өзінің екі титулын да қорғап қалған болатын.