• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қараша, 2019

Мұнайлыда «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеудің ІІ кезеңі жалғасуда

248 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы ауданында партияның кадрлық резервіне іріктеудің екінші кезеңі жалғасуда. Іріктеу 3 кезеңнен тұрады, оған жасы 20-дан асқан елдің кез-келген аудан тұрғыны қатысуға мүмкіндік алған болатын. Үздік идея авторлары «Nur Otan» партиясының мүшесі атанып, қажетті салаларды дамытуға үлес қоспақ.  

Бірінші кезеңі тіркелу, екіншісі үгіт-насихат жұмыстары және үшінші кезең – дауыс беру науқаны. Үгіт-насихат кезеңінің үміткерлер арасындағы ашық пікірталасы 8, 9, 11 қараша аралығында өтті. Кандидаттар ауданның маңызды мәселелерін бағдарламаларына қосып, пікірталаста ортаға салды. 

– Партияда жоқ, бірақ өзінің потенциалы бар, ойы бар, өзінің осы ауданымыздың, өңіріміздің даумына үлесін қосамыз деген әрбір азаматты біз шақырдық. Себебі көзге көрінбей жүрген азаматтар болуы мүмкін. Міне, бүгінгі таңда осы азаматтарымыз келіп, қазір 49 кадидат тіркелді, -деп мәлімдеді Кадрлық резерв бойынша «Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Мұқанжан Камалов.

Солардың бірі Мұнайлы аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты,  «Ерасыл» балабақшасының директоры, көпбалалы ана - Қонысбаева Гүлжанат Өтеуқызы іріктеудің Мұнайлы ауданында өтіп жатқанына қуанышты екендігін жеткізді.

– Ауданымыз бұдан 12 жыл бұрын 2007 жылы Елбасының жарлығымен Ақтау қаласының маңындағы елді-мекендер мен саяжайларға қоныстанған халықтың әлеуметтік мәселелерін бір орталықтан шешу мақсатында құрылды. Елбасының өзі келіп ашып берді. Аудан ашылғалы біздің бос жатқан сайын даламызға ақ шатырлы ауылдар пайда болып, елді-мекеніміздің көркі бұрынғымен салыстырғанда адам сенбестей дәрежеде көркейді.

«Nur Otan» партиясы кадрлық резерв жобасының басталғаны өте жақсы бастама, «Есіктен - есікке» акциясы аясында халықтың мәселесіне жақын танысуға ұсыныстарын жинауға зор мүмкіндік берді. Біздің ауданымыз ашылғанд 48 000 ғана адам болса, қазірде халық саны 168 мың 400 –ге жетті. Халық көбейген сайын, халықтың мәселесі де көбейеді. Әр ауылға желі арқылы су жүргізу, себебі МАЭК-тен келетін судың мөлшері жетіспейді. Ауыл іші жолдарын асфальттау, кәсіпкерлікті дамыту, мектеп жетіспеушілігін болдырмау, спорт алаңдарын жабдықтау, ауылдардағы кітапхана тапшылығын жою, музейлер ашу, оқушылар орталығын салу, ауылды қала деңгейіне жеткізіп, халыққа қызмет ететін мекемелердің жұмыс сапасын қалалық дәрежеге жеткізуге ат салысуды жоспарлаймын,- деді.  

Мұнайлы ауданындағы кадрлық резервке іріктеу әлі жалғасуда, қорытындысы 16 қарашада кешкі сағат 18.00-ге дейін жарияланатын болады деп күтілуде.