Теннистен Қазақстанның ұлттық құрамасы Дэвис кубогына қатысу үшін кеше Испанияның бас шаһары – Мадридке аман-есен жетіп, сол жерде алғашқы жаттығуын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыс 18-24 қараша аралығында Мадридте өтеді. Байрақты бәсекеде Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Александр Недовесов және Андрей Голубев сынды саңлақтар Қазақстанның намысын қорғайды.
Дэвис кубогы жолындағы жарыста алты топқа бөлінген 18 команданың арасынан үздік шыққан сегізі ширек финалға жолдама алады. Испанияның астанасында Қазақстанның теннисшілері топтық турнирде Голландия мен Ұлыбритания құрамаларына қарсы ойнайды.