Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барысы» кеше Череповецтің «Северсталь» клубын овертаймда 2:1 есебімен ұтқаны белгілі.
Айтулы матчта елордалық шабуылшы Роман Старченко да өнер көрсетті. Бұл – 33 жастағы Өскемен хоккей мектебінің түлегі үшін КХЛ додасында 600-мәрте мұз айдынына шығуы. Сол бәсекелер барысында ол 165 гол соғып, 136 рет нәтижелі пас берді. Жиған ұпайы – 301. Сол 600 ойынның 548-ін Старченко тұрақты біріншілікте өткізсе, тағы 52 мәрте плей-офф сайысында бақ сынады.
Бір ғажабы, айтулы ойыншы осы кездесулердің барлығында тек «Барыстың» ғана намысын қорғады.