• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Технология 14 Қараша, 2019

Ғарыш саласы жаңа деңгейге көтеріледі

520 рет
көрсетілді

Қазақстанның ғарыш саласының қазіргі жағдайы, даму мүм­кіндіктері, жаңа аэро­­ғарыштық техно­ло­гия­ларды енгізу барысы, Байқоңырдағы тарихи өзгерістер «Қазақ­стандағы ға­рыш күн­дері: Байқо­ңыр – әлемдік ғарыш бесігі» атты халық­аралық форумда ке­ңінен тал­қыланды.

Нұр-Сұлтан қаласында осымен жетінші рет ұйымдастырылған форум алаңында әлемнің 25 елінен келген ғарыш саласының 650-ден астам сарапшысы бас қосты. Премьер-Ми­нистр Асқар Мамин қатыс­қан форумның пленарлық бөлімінде Қазақстанның ғарыш жүйесінің жетіс­тіктері мен перспективалары әңгіме болды.

Еліміздің ғарыш сала­сындағы басты жаңалық­тардың бірі ретінде ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені құрылысының аяқталғаны туралы актіге қол қойылғанын айтуға болады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, бұл кешен отандық ғарыш саласын сапалы жаңа деңгейге көтермек.

– Бүгінде Қазақстанда екі телекоммуникациялық спутник бар. Біз осы сала­дағы мүмкіндіктерімізді одан әрі дамытуды көздей­міз.­ Кеше ғана құрастыру-сынау кешенінің құрылысы аяқталды, яғни 2020 жылы біз өз спутнигіміздің жобасын жасап, өндіруге кірісу арқылы жаңа дең­гейге көтерілуді жоспар­лап отырмыз. Бұл Қазақ­станның әлемдік ғарыш қауым­дастығының толыққанды мүшесі ретіндегі бастамасы, – деп атап өтті министр.

Асқар Жұмағалиев фо­рум­ға қатысқан Қазақ­стан­ның стратегиялық серік­тес­теріне, атап айтқанда, «Рос­кос­мос» МК, Airbus, Азия-Тынық мұхиты ғарыш ынтымақтастығы ұйымы, OneWeb, Euroconsult бас­шы­лығына алғысын білді­ріп, бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Осы шара аясында Асқар Жұмағалиев әлемдік ғарыш саласындағы сарапшылармен екіжақты кездесулер өткізіп, тиімді «ғарыштық» ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Екі күнге созылған форумда «Негізгі талқылаулар «Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту», «Ғарыштан ЖДЗ және спутниктік навига­ция тех­нологиялары», «Спут­ник­тік байланыстың бо­ла­шағы» бағыттары бо­йын­ша өтті. Алқалы жиын дү­ние­­жү­зі­лік ға­рыш қыз­меті­нің же­тіст­ік­тері­­м­ен бөлісіп, озық тәжі­рибелермен алмасуда және отандық ғарыш саласын на­си­хат­тауда бірегей алаңға ай­налғанын айтып өткен жөн.

Форумға министрлік­тің стратегиялық серіктес­тері – Роскосмос, «Airbus Defence and Space», сондай-ақ отандық және шетелдік ұйымдар қатысуда, олардың ішінде: «М.В.Хруничев атын­­дағы мемлекеттік ға­рыш­­тық ғылыми-өн­діріс­тік орталығы», «М.Ф.Ре­шет­нев атындағы АСЖ» АҚ, «Транс­теле­ком»АҚ, One Web, SES, «Leica Geosystems, Satrec Initiative», «Eutelsat» БАӘ ғарыш агенттігі, Украи­на­ның мемлекеттік ғарыш агенттігі, жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігі, THALES ALENIA SPACE компаниясы және тағы басқалар бар.