Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннистен АТР-дің қорытынды турнирінің екінші туры аяқталды.
Кеше Андре Агассидің тобындағы бәсекелер өтті. Әзірге грекиялық Стефанос Циципас тамаша өнер көрсетуде. Алғашқы кездесуінде ресейлік Даниил Медведевтен басым түскен ол іле-шала германиялық Александр Зверевтің осал тұсын оңай тапты. Екі сеттік сайыс 6:3, 6:2 есебімен Циципастың пайдасына шешілді.
Тұсаукесер кезесуінде Александр Зверевке есе жіберген әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Рафаэль Надальдің бұл жолы Даниил Медведевтен мерейі үстем болды. Үш сетке созылған тартыс 6:7, 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.
Жарыстың бірінші күні мынадай нәтижелер тіркелді:
Рафаэль Надаль (Испания)– Александр Зверев (Германия) 2:6, 4:6.
Стефанос Циципас (Грекия) –Даниил Медведев (Ресей) 7:6, 6:4.
Новак Джокович (Сербия) – Маттео Берреттини (Италия) 6:2, 6:1.
Доминик Тим (Австрия) – Роджер Федерер (Швейцария) 7:5, 7:5.
Жарыстың екінші күні мынадай нәтижелер тіркелді:
Доминик Тим – Новак Джокович 6:7, 6:3, 7:6.
Роджер Федерер – Маттео Берреттини – 7:6, 6:3.