• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Парламент 15 Қараша, 2019

Екіжақты байланыстың келешегі талқыланды

144 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты парла­мент­аралық қатынастарды дамы­тудың келешегін, сондай-ақ пар­ламенттік ұйымдар аясын­дағы өзара іс-қимылды тал­қылады.

Дариға Назарбаева өз сөзін­де Армения Қазақстанның Тәуел­сіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуразиялық экономикалық одақтағы сенімді әріптесі болып табылатынын атап өтті. «Біздің мемлекеттер арасындағы қа­рым-қатынас бүгінде толық өза­ра түсіністік пен сенім жағ­дайында қарқынды дамуда. Біз оны сақтай отырып, халықтар игілігі үшін одан әрі дамытамыз деп үміттенемін», деді ол.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының басшысы, сондай-ақ ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, Парламентаралық Одақ және ЕҚЫҰ ПА аясындағы көпжақты байланыстарды дамытуды маңызды деп санайды.

Дариға Назарбаева Қазақстан мен Армения парламенттері арасындағы ынтымақтастық тобына ерекше назар аударды және заң шығару қызметінде тәжірибе алмасу үшін оның әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Армения Ұлттық Жиналы­сының Төрағасы Арарат Мир­зоян өз кезегінде Қазақстан мен Армения қатынастарының дос­тық және одақтастық сипатына тоқтала келіп, Арме­ния­ның Қазақстанмен екіжақ­ты парламентаралық ынтымақ­тастықтың қарқынды дамуына маңыз беретінін айтты.

Кездесуден кейін Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сена­тының делегациясы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының паркіндегі төр­ағалар аллеясында ағаш отырғызуға қатысты. Дариға Назарбаеваның айтуынша, көшеттер біздің елдеріміз бен халықтарымызды байланыстыратын достықты паш етеді.