Алматының «Қайрат» клубының қорғаушысы Сергей Кейлер өз командасымен келісімшартты ұзартты.
Спорттық карьерасын өзінің туған қаласы Алматыда бастаған 25 жастағы ойыншы әр жылдары «Қайрат» (Алматы), «Қызылжар» (Петропавловск), «Қайсар» (Қызылорда), «Оқжетпес» (Көкшетау) және «Ақжайық» (Орал) клубтарында өнер көрсетті. Былтыр ол Алатау бөктеріне қайта оралды. Өткен маусымда Сергей Кейлер алматылық команданың негізгі құрамында 16 рет жасыл алаңға шығып, екі рет нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар айтулы футболшы Қазақстанның жасөспірімдер мен жастар құрамасы сапында да бірнеше ойын өткізгенін айта кетуге тиіспіз.