• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Руханият 16 Қараша, 2019

Маңғыстауда «Қайқылардан қалған саз» дәстүрлі әндер байқауы өтеді

292 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында ІIІ Республикалық «Қайқылардан қалған саз» атты Маңғыстаудың дәстүрлі әндерін орындаушылар байқауы өтеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы бөлім меңгерушісі Н. Қозбеков хабарлады.

Конкурсқа республиканың 3 облысы мен 2 қаласынан, атап айтқанда Атырау облысынан 6, Ақтөбе облысынан 4, Қызылорда облысынан 1, Маңғыстау облысынан 10 үміткер, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан 2, Алматы қаласынан 4 үміткер қатыспақ.

Қазақ елінің тарихындағы бойларына өзіндік үн-әуен, ырғақ-иірім, орындаушылық сыр-сипат, рухани ағартушылық-қайраткерлік т.б. алуан өнерді сыйдыра білген қайталанбас дара құбылыс иелері – Адайдың жеті қайқысының тарихи, тұлғалық рөлін республика көлемінде айқындап, рухани мұраларын жас орындаушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы байқауға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, дәстүрлі әнші А.Қосанова, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, әнші, термеші Ә.Жұмағалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Е.Рысқали, ҚР Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші А.Ерімбетова, Өнер зерттеуші, жыршы-термеші А. Өтешов, жыршы, күйші Е.Еміл сынды танымал өнер иелері қазылық етпек.