Орталық Азия елдері сыртқы саяси ведомстволар басшылары кездесуінің шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен келіссөздер өткізді.
Екі мемлекет СІМ басшылары Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ықпалдастықты, жоғары деңгейдегі алдағы кездесулер мен сапарлардың күнтізбелік жоспарын талқылады.
Халықаралық саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымдардың ұқсастығын атап өтіп, тараптар көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ықпалдастықты жандандыру ниетін растады.