• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қараша, 2019

Футзал: «Қайрат» ұтылды

198 рет
көрсетілді

Бұл күндері футзалдан Алматының «Қайраты» УЕФА Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңіндегі бәсекелерге даярланып жатқаны белгілі. 

Айтулы турнир қарсаңында жерлестеріміз Ресейге сапар шегіп, екі жолдасық кездесу өткізуді құп көрді. Кеше олар Югорскінің «Газпром-Югра» клуыбымен күш сынасты.  Бұл матчта алаң иелерінің мерейі үстем болды. Олар алматылықтардың қақпасына жауапсыз төрт доп салды. Есеп – 4:0. Бұл голдардың авторлары – Максим Волынюк (9 минут), Николай Шистеров (11 минут), Александр Виноградов (22 минут) және Данил Давыдов (32 минут).