• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қараша, 2019

Елордада бір ай бойы 45 теңгеге жол жүруге болады

235 рет
көрсетілді

Елорда тұрғындары 18 қарашадан бастап 18 желтоқсанға дейін жол жүру ақысын 50% жеңілдікпен SMS және QR-код арқылы төлей алады. Бұл туралы «Astana LRT» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Акцияны ұялы байланыс операторларының бірі ұсынып отыр.    «SMS және QR-код арқылы жол ақысын төлеу кезінде теңгерімнен толық жол ақысы алынады, кейін теңгерімге 45 теңге қайтарылады. Жол ақысын төлеу үшін теңгерімде кем дегенде 91 теңге болуы тиіс. Акция кезінде күн сайын 45 теңгеге арзан екі сапар жасауға болады. Үшінші сапардан бастап жол жүру құны қалалық бағдарлар үшін әдеттегі 90 тг болады. Бұл акция тек қалалық бағдарларда қолжетімді болады» делінген хабарламада.