• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 18 Қараша, 2019

Ең қысқа әңгіме. Талғат Ешенұлы

764 рет
көрсетілді

 

Кішкентай

Болмайды! Болмаайдыыы!..

Кішкентайдың жан дауысы шықты. Шыр-шыр етіп, әкесін де, өзге ересектерді де, тіпті молданы да маңайлатар емес.

- Өзім қарап отырмын ғой! Ол да мені, күнде өстіп...өсті-ііп қарап отыратын.

Шешесі жатқан ескі кереуетті әлжуаз қолдарымен мәпелей сипады. Тот басқан серіппелі сымдарынан ұстап ұзақ тербетті.

Күндегі әдетінше, қасына жантайып омырауына мұрнын тықпақ болған, бүйірін бірдеңе қарып түсті. Төсектің қыры мұп-мұздай екен. Анасының омырауы да. Көздері боталап, екі тізесін құшақтап еденге отыра кеткен.

Ол оянғанда темір кереует әлдеқашан бос қалған еді. Тот басқан серіппелі сымдары ғана әр-әр жерінен салбырап, тербетіліп тұрған.

Кішкентайдың ендігі өмірі көз алдында, ескі темір кереуеттің серіппелі сымдарымен қоса, бырт-бырт үзіліп жатты.

 

Талғат ЕШЕНҰЛЫ