21 желтоқсанда Ресейдің Красноярск қаласында бірқатар мемлекеттің жуан жұдырықты жігіттердің қатысуымен үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді.
Осы жарыста Қазақстанның қос былғары қолғап шебері күш сынасады. Олар – Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жанабаев. Супер орта салмақтағы Айдос (12 жекпе-жек, 12 жеңіс, 8 нокаут) қазіргі кезде WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia нұсқалары бойынша алтын белбеуді иеленуде. Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан (8 жекпе-жек, 8 жеңіс, 5 нокаут) WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific нұсқаларының чемпионы.
Ал осы кештің басты бәскесінде ресейлік Денис Лебедев пен Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Табисо Мчунумен айқасады. Қос саңлақ бірінші ауыр салмақтағы WBA мен IBF нұсқаларының чемпиондық тәжін сарапқа салады.