• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қараша, 2019

Үркер елді мекенінде мұз айдыны ашылды

193 рет
көрсетілді

Үркер елді-мекенінде хоккей корты салынды. Онда балалар  тек хоккей ойнап қана қоймай, конькимен де сырғанай алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көктемде хоккей корты футбол алаңына айналады. Сондай-ақ балалар алаңы аумағында тренажерлер орнатылып, workout аймағы болады. Әрбір осындай кешен инклюзия элементтерімен қамтылған. Ерекше қажеттіліктері бар балалар да осы алаңдарда ойнай алады.

Бұл жобаны елорда әкімдігі Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырған.