Бүгін 18.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театрында ерекше актерлер театры абырой, ар, ерлік және дәстүрге адалдық сынды жалпы адами құндылық мәселелері, ерекше қажеттілікке ие адамды әлеуметтендіру тақырыбын негіз етіп алынған #Мы с тобой одной крови әлеуметтік драмасын көрермендер назарына ұсынады. Көрсетілімді «Дегдар» Қорының қолдауымен Ұлттық Дельфий Комитеті ұйымдастырып отыр.
Ерекше қажеттілікке ие шығармашыл жастарды жүйелі қолдау мақсатында Ұлттық Дельфий Комитеті Ұлттық Дельфий ойындарының парадельфий аталымының логикалық жалғасы болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Ерекше актерлер театрының негізін қалады.
Театр труппасының құрамында есту, көру, тірек-қимып аппараты, менталды ауытқушылығы бар жастар қамтылған. Театр жұмысқа кіріскен 6 ай ішінде репертуарында үш түрлі қойылым, 50 гастрольдеуші актер, еліміздің барлық аймағы бойынша гастрольдік тур аясында 40 рет ойналған спектакль бар екендігін айта кеткен жөн. Режиссерлік-қойылымдық құрамға театр өнері, режиссура, сценография, ым-ишара тілін орындау шебері және т.б. кәсіпқойлары кірді.
Ұйымдастырушылар жоба аясында ерекше қажеттілікке мұқтаж жастарды әлеуметтендіру мен оңалтудың айтарлықтай нәтижесін бақылауда ұстайды. Мәселен, Даун синдромына шалдыққан актерлердің сөйлеуінде қарқынды даму, беймазалық деңгейінің төмендеуі байқалады, ұжымда өзара әрекет ету қабілеті дамиды. Есту қабілетінде ақауы бар жастарда оқу үлгерімінің жоғарылауы, өзін-өзі бағалауының артуы, «өзін кем сезінудің» төмендеуі байқалады. Оның үстіне, ата-аналар мен педагогтер айтқандай, гастрольдік сапар, орын мен жердің ауысуы дүниетанымының кеңеюі мен әлеуметтік машықтарды иеленуіне оң ықпалын тигізеді.