Осыдан бір апта бұрын «Әуежай» шағын жаңа тұрғын ауданындағы қоқыс жәшігінен кіндігі де байланбаған нәрестенің табылуы Қостанай жұртын шошытқан болатын.
Жалаңаш күйінде полиэтилен қалтаға салып тастаған нәрестенің аяғы суыққа қата бастаған екен. Көше сыпырушы Геннадий Леонов тауып алып, тағы да куә болған көршілермен бірге дереу тиісті орындарға хабарлайды. «Жедел жәрдем» қызметі келіп, жедел реанимациялық ем-дом жасағанымен, нәтиже шықпайды.
Бірақ дәрігерлер бала табылған кезде онда клиникалық өлімнің болғанын айтады. Алайда суықта көп жатып қалғандықтан, қабылданған шаралар қайтарым бермеген. Әзірге нәрестенің анасы табылған жоқ.
– Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәрестені қоқысқа тастап кеткен әйел табылғанша жұмыс жүре береді, – дейді обылстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Елена кашарина.
Қостанай