• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қараша, 2019

Мемлекеттік шекараны межелеу мен шегендеу заңнамалық тұрғыда реттеледі

464 рет
көрсетілді

Қазақстанда мемлекеттік шекараны межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету үдерісін заңнамалық реттеу жоспарланып отыр. Оның ішінде, картографиялық, геодезиялық, топографиялық, гидрографиялық және аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізу туралы айтылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл норма «Геодезия және картография туралы» заңмен геодезия және картография саласындағы уәкілетті органның құзыретінде көзделгенін атап өтеміз.

Бұл жаңа енгізілім «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұйрығының  жобасына енгізуге ұсынылады.

Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын  қажет етпейді.