• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Руханият 26 Қараша, 2019

А. Райымқұлова Айша Абдуллинаның қазасына байланысты көңіл айтты

326 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова саңлақ саxнагер Айша Абдуллинаның қазасына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Айша Абдуллинаның қайтыс болуына байланысты туыстары мен ет жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Айша апамыз ұзақ жылдар Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театрында 200-ден астам рөлді сомдады. Ғасырлық тойын да сахна төрінде қарсы алған анамыз өнерге деген адалдықтың үлгісін көрсетті. 103-ке қараған шағында көз жұмған сахна саңлағының жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын!»,- делінген министрдің көңіл айту хатында.