• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Қараша, 2019

2019 жыл Қазақстан үшін өте маңызды болды - Мемлекет басшысы

613 рет
көрсетілді

Біз еліміз үшін маңызды мерекелер – Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күні қарсаңында кездесіп отырмыз. Рождество мен Жаңа жыл демалыстары да жақындап қалды. Бұл – өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, алдағы жоспарларды айқындайтын кезең. 

Мемлекет басшысы Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде осылай деді. 

«2019 жыл Қазақстан үшін өте маңызды болғанын баршаңыз жақсы білесіздер. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев билікке басшылардың жаңа буыны келуі үшін тарихи шешім қабылдады. Өткен президент сайлауы саяси жүйеміздің тұрақтылығын және демократиялық даму жолымыздың мызғымастығын бүкіл әлемге танытты» деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз атына құттықтау жолдаған Мемлекет басшыларына және халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне ризашылығын білдірді.

«Биліктің бейбіт жолмен берілуі Қазақстанды тың серпінмен дамытуға мүмкіндік тудырды. Біз Тұңғыш Президентіміз негізін қалаған дамудың стратегиялық бағдарынан айнымай, Сабақтастық, Әділеттілік, Өрлеу құндылықтарына берік боламыз» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.