• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Қараша, 2019

Ақтау тұрғынынан марихуана тәркіленді

320 рет
көрсетілді

«Көкнәр-2019» республикалық операциясы аясында жүзеге асырылған жедел-іздестіру шаралары аяқталуда. Еліміздің көптеген аумағында Шу алқабынан марихуана тасымалдаған азаматтар ұсталды. 

Маңғыстау облысының есірткі қылмы­сына қарсы іс-қимыл басқармасының қыз­меткерлері марихуананы сақтау үшін ин­дустриялық аймақта боксты жалға алған Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

Тінту жүргізу кезінде, жалпы салмағы 71 кило марихуана салынған 200 литрлік металл бөшке тәркіленді.

Ұсталған адам полицияның назарын аудармау үшін марихуананы Шу қаласынан ауылдық жолдарымен алып шыққанын мойындады.

Сол индустриялық аймақта іздеу шараларын жүргізу кезінде тағы бір жергілікті тұрғын анықталды, салмағы 1 килодан асатын марихуана жалдамалы бокстан табылды.

Ұсталғандар кінәларын мойында­ды және уақытша ұстау изоляторына қамал­ды. Ұсталған екі адамның ара­сындағы байланысты орнату үшін қыл­мыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.