Бурабай ауданындағы «Есіл-Агро» ЖШС-де заманалық тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілгелі жоғары өнімділіктегі 600 ірі қара мал алып келінген болатын. Екі жыл ішінде шаруашылық табыны 1000 бас төлмен толықты.Бұл ферманы іске қосуға «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттің 2 миллиард теңгеге жуық қаржысы жұмылдырылған. Мұнда сүт сауу швециялық озық жабдықтар көмегімен автоматты түрде атқарылады. Қазіргі таңда әр сиырдан орташа есеппен 6000 литрден астам өнім алынуда. Соңғы бір жылда сауылған сүттің көлемі 2 миллион 700 мың литрге жетті. Сауын табынында 1200 бас сиыр зоотехникалық-малдәрігерлік жоғары талаптар деңгейінде күтімге алынған.Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сүт зауытында күн сайын 32 түрлі өнім шығарылып, тұтынушыларға жоғары сапамен ұсынылуда. Ұжым Астананың азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуге де белсенді түрде қатысады.Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан».Ақмола облысы.–––––––––––––Суретте: серіктестіктің сауын фермасының ішкі көрінісі.
•
22 Шілде, 2013
«Есіл-Агроның» екпінді ісі
220 рет
көрсетілді