Қазақстандағы енді жетіліп, дұрыс жолға түсе бастаған ғарыш қызметі еліміздің индустриялық-инновациялық тұрғыдан дамуына, технологиялық революцияның жаңа толқынының туындауына, қоғамды жаңа дәуірлік өзгерістерге бейімдеуші негізгі күштердің бірі болып отырған халықты ақпараттандыру ісінің жетілуіне қомақты үлес қоса алатын маңызды салалардың бірі болып табылады. Осы саланың тарихы мен бүгінгі жағдайын, даму бағыттары мен болашақта алар орнын
Қазақстандағы енді жетіліп, дұрыс жолға түсе бастаған ғарыш қызметі еліміздің индустриялық-инновациялық тұрғыдан дамуына, технологиялық революцияның жаңа толқынының туындауына, қоғамды жаңа дәуірлік өзгерістерге бейімдеуші негізгі күштердің бірі болып отырған халықты ақпараттандыру ісінің жетілуіне қомақты үлес қоса алатын маңызды салалардың бірі болып табылады. Осы саланың тарихы мен бүгінгі жағдайын, даму бағыттары мен болашақта алар орнын білмек болып Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы НҰРҒАЛИЕВТІ әңгімеге тартқан едік.
– ЕрғазыМейірғалиұлы,
ҰлттықғарышагенттігініңтарихыжеріміздегіБайқоңырғарышайлағынанбастауалдыдесек, көпқателесеқоймаспыз. Сізосыістіңбасы-қасындаболғанадамретіндеәңгімеміздісолкезденбастаптаратыпайтсақ. ЕңалдыменБайқоңырғарышайлағытуралыайтакетсеңіз. КеңесОдағыкезіндеБайқоңырқандайрөлатқарды? Байқоңырдыңбіздіңелімізгетигізгенқандайпайдасыбар? Оныңқазіргікүйіқандай? ырғақатыстыРесейменарадағықарым-қатынастарқалайреттеліпотырады? – «Байқоңыр» ғарыш кешені өткен ғасырдың еншісіне жазылған адамзат баласының теңдесі жоқ жетістіктерінің бірегейі десек артық болмас. Әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш кешенін көпшілік – «Жердің бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындайды. 1955 жылғы 12 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағының Министрлер Кеңесі Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандары аралығында Р-7 зымыранын (алғашқы континентаралық зымыран) сынау полигонын құру туралы №292-181 қаулы қабылдап, сол жылы жаңа полигонның – ғарыш кешенінің іргетасы қаланды. Алғашында полигонның атауы құпиялықты сақтау мақсатында «Ташкент-90», «Қызылорда-50», «Заря», «Тайга» нысаны деп аталса, Кеңес Одағы Қорғаныс министрлігінің 5-ші ғылыми-зерттеу-сынау полигоны кейіннен «Байқоңыр» ғарыш кешені деген атауға ие болды. Бұл жылдарда Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысының салдарынан болған қиыншылықтардан әлі де айыға қоймаған еді. Әйтсе де, ғылыми-техникалық прогресті дамыту және ел қорғанысын нығайту мақсатына жұмсалған күштің нәтижесінде әлемдегі ең бірінші, ең үлкен, ең қуатты ғарыш айлағы «Байқоңыр» салынды. «Байқоңыр» ғарыш кешені бұрынғы Кеңес О