• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қараша, 2019

ШҚО-да аурухананың бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктелуде

157 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол «Халық Банк» АҚ және «Банк Центр Кредит» АҚ-дағы карточкалық шоттарына ақшаны заңсыз аудару арқылы өте үлкен мөлшерде – 92 млн 500 мың теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Таяуда күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.