• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қараша, 2019

Келесі жылы елорда аудандары газбен қамтылады

305 рет
көрсетілді

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков «Сарыарқа» газ құбыры құрылысының бірінші кезеңін іске асыру туралы дөңгелек үстелде айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоспар бойынша Сарыарқа газ құбырын Нұр-Сұлтан қаласына алып келдік. Екінші мәселе: Нұрсұлтан, Қарағанды, Теміртау өңірлерін газбен қамтамасыз ету. Әкімдіктің қолдауымен осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде» дейді Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков.

Ол әкімдік ақпаратына сүйеніп, Нұр-Сұлтан қаласындағы аудандарды газбен жабдықтау жұмыстары келесі жылы бітетінін айтты.