• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Желтоқсан, 2019

Головкин мен Роналду кездесті

208 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен футбол жұлдызы Криштиану Роналду кездесті.

Бүгін таңда қос спортшы бірге түскен фотоларын әлеуметтік желіге салып, Туриндегі (Италия) DAZN стримингтік платформасының түсірілімінде жолыққанын жариялады. «Криштиану Роналду досыммен Туриндегі тамаша күн. DAZN-ның жаңа жобасында» деп жазады Головкин.

Португалиялық футболшы Головкинге «Ювентус» клубының жейдесін, ал GGG өз кезегінде бокс қолғабын сыйға тартты.