Кеншілер астанасында бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін Open Karaganda фронт-кеңсесі ашылды деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы №39 (қала әкімдігінің ғимараты) үйде орналасқан жаңа ғимаратта келіссөздер жүргізетін және азаматтарды қабылдауға арналған ашық бөлме қарастырылған. Мұндай жұмыс пішімі мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Фронт-кеңседе қала әкімі аппараты кеңсесінің, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, мемлекеттік активтер мен сатып алулар, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандары жұмыс істейді. Олар бұл жерде тұрғындарға қажетті кеңестер береді және олардың құжаттар топтамасын қабылдап алады.
Сондай-ақ мұнда шынайы уақыт режімінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға жағдай жасалған.
Фронт-кеңседе open space пішімінде қала әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайтын болады.
Қарағанды облысы