6-8 желтоқсан аралығында Алматыда бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен «Arlan Grip Championship 2019» деп аталтын аса ірі халықаралық турнир өтетіні белгілі. Айтулы жарысты тамашалау үшін атақты Крэйг Джонс Қазақстанға арнайы келді.
Бұл есім жекпе-жек әлемінде кеңінен танымал. Австралияның тумасы 2017 жылы Финлияндияның астанасы – Хельсинкиде өткен ADCC турнирінде алғашы рет бой көрсеткеніне қарамастан бірден жанкүйерлердің зор қошеметіне бөленді. Сол жарыста Крэйг Джонс әлемнің бес дүркін чемпионы деген дардай атағы бар аты аңызға айналған спортшы Леонардо Лоуды «қылқындыру» әдісімен ұтып, барша көрерменді тамсандырды.
Содан кейінгі жылдары оның есімі баспасөз беттерінен түскен жоқ. Көптеген жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілген Джонс 2016 жылы Алматыда өткен іріктеу турнирінде топ жарып, әлем чемпионатының жолдамасына иелік етті. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында төрткүл дүниенің теңдессіздері жиналған жарысты жасыл құрлықтың өкілі күміс медальмен қорытындылады.
Сол кезде Австралияның өкіліне Қазақстан керемет ұнаған екен. Сол себепті де биыл ол Алатау баурайына қайта келіп, «Arlan Grip Championship 2019» додасын тамашалауға ниет білдіріпті.
Естеріңізге сала кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған айтулы турнир үш күнге созылып, осы бәсекелерде алыс және жақын шет мемлекеттерден келген 1300-деп аса шеберлердің күш сынасады.
АЛМАТЫ