• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Желтоқсан, 2019

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

691 рет
көрсетілді

Синоптиктер 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттармен  жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.

«Фронттардың орнына антициклон келіп республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, бірақ тұман мен көктайғақ сақталады. Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендесе де, орташа көпжылдық мәннен жоғары болып қалады», делінген хабарламада.