• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Желтоқсан, 2019

Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады

486 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов прокуратура ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ерекше көзге түскен қызметкерлерге төсбелгілер, медальдар мен грамоталар табыс етілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Ел тұрақтылығы мен оның заңдарының қатаң сақталуына қадағалау органы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Қаламыздағы қоғамдық қатынастардың қалыпты болуы жолында осы салада атқарып жатқан адал еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін, - деді А. Көлгінов.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеров биыл Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 28 жыл толғанын айтты.

- Мемлекет мүддесін, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау біздің басты міндетіміз. Әріптестерімді мерекесімен құттықтай отырып, еліміздің игілігі үшін еңбек атқаруда тек табыс тілеймін, - деп атап өтті ол.