• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Желтоқсан, 2019

Бокс: Конфедерация кубогының финалына шыққан командалар анықталды

564 рет
көрсетілді

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт кешенінде Конфедерация кубогы жолындағы жарыстың боксшылар арасындағы жартылай финалдық сайысы өз мәресіне жетті.

Алғашқы жартылай финалдық бәсеке Түркістан мен Қарағанды облысы өкілдері арасында өтті. Бұл жарыстың басты сенсациясы – 57 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен атақты боксшы, әлем чемпионы Қайрат Ералиевтің есімі көпшілікке беймәлім Рүстем Шәуменовке ойда-жоқта жеңілуі. Десек те бұл тартыс түркістандықтардың пайдасына шешілді. Сәкен Бибосынов (52 кило), Бекдәулет Ибрагимов (69 кило), Бек Нұрмағанбет (81 кило), Абзал Құттыбеков (91 кило) және Нұрлан Сапарбай (+91 кило) сынды саңлақтар өз қарсыластарына сан соқтырды. Нәтижесінде Түркістан облысы 5:3 есебімен жеңске жетті.     

Келесі жартылай финалдық бәсекеде Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысының құрамалары шеберлік байқасты. Бұл сайыс елордалық былғары қолғап шеберлерінің пайдасына шешілді. Есеп – 5:3.