«Бейнебаян бүгінгі қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктерді көрсетіп, онымен күресу жолын нұсқайды» деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі.
Ондағы мақсат – Алматы қауіпсіз әрі гүлденген қала болсын деген игі ниет дейді жоба авторлары. Айта кету керек, бейнебаян жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып отыр.
Жас әнші бейнебаянда көпшілікті жақсы амалдар жасауға шақырады.
«Бұл клипте біз қаламызға деген сүйіспеншілікпен қатар проблемаларды да айтамыз. Алматының ең әсем жерлері Шымбұлақ, Медеу, Көктөбені көрсетеміз. Мәселен, Көктөбеге шыққанда қаламыздың бәрі көрінеді. Өте әдемі», деді әнші Аружан Тастекей.
АЛМАТЫ