3-7 желтоқсан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті бас қосуы өтті.
Комиссия Өзбекстан Республикасының Навои облысына іргелес жатқан Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы шегіндегі учаскеде мемлекеттік шекараны белгілеу жөніндегі қорытынды құжаттардың жобаларын дайындады.
Делегация мүшелері Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында далалық демаркациялық жұмыстардың көлемін, 2020 жылы атқарылар жұмыс жоспарын талқылады.
Тараптар бірлескен демаркациялық қазақ-өзбек комиссиясының 2019 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады.
Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы жағдайда өтті.
АЛМАТЫ