Азаттық, тәуелсіздік арман еді,
Жасырын бір күй еді жүректегі.
Арманды ақиқатқа жалғап елім,
Халқымның орындалды тілектері.
Оңайлықпен келмейді егемендік,
Жемісі ол сан жылғы күрестердің.
Тарихқа түрен салып ерен ерлік,
Серпілді көңілдерде сірескен мұң.
Бүгінде азат елім, биік – мерей,
Зор мақсат, алар асу – алдымызда.
Мәртебем әрқашанда биіктегей,
Баянды бақыт қонып халқымызға.
Тойымыз көптен күткен тарқасын ба,
Еліміз асты қазір он сегізден.
Елбасы ерлігінің арқасында,
Әрдайым биік болмақ еңсеміз де.
Болар бала белгілі бесігінен,
Ер жігітке құт дарып, бақ қонады.
Нұрсұлтандай ұлының есімімен,
Дәл қазір барша халық мақтанады.
Мезгілдің артта қалып “өліарасы”,
Берекесі бүгінде келді үйімнің.
Білгенге Қазақстан төрағасы,
Еуропа төрінде белді ұйымның.
Бір ұлмын шын жүректен талаптанып,
Тілегін ақ жүрекке түйіп келген.
Қияға қыран құсша қанат қағып,
Әрдайым көрінейік биіктерден.
Баходир САБИТ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Өзбек тілінен аударған Мұрат БЕКЕЙ.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы.