• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2013

«Ардагерлерді арбаға салып әкелсек те емдейміз»

340 рет
көрсетілді

Алматыдағы қызметі ерекше емдеу мекемесінің бірі – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің емханасы «Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны». Аты айтып тұрғандай, емхана жасы ұл­ғай­ған жандарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және оларға теңес­тірілген тұлғаларға, сонымен қатар аумақтық тіркелген тұрғындарға медициналық көмек көрсететін қалалық кеңестік-диагностикалық орталығы болып есептеледі.

Ақ самайлы ардагерлердің бүгінде азайып бара жатқаны рас. Сондықтан ауқымды және кешендік іс-шаралар жүргізуді талап ететін емдеу орталығы да замана көшінен қалмау үшін көп тірлік атқаруда. Қазіргі таңда бұл емхананы медицина ғылымдарының докторы Қалдыбай Мадибраимов басқарады. Ол кісінің геронтология саласындағы науқастардың денсаулығын тексеру мен емдеудің заманауи технологияларының бастамашысы екенін айта кетсек артық болмас.

Медицина дамып жатқан заманда емхана қызметі сапалы деңгейге көтеріліп, заманауи технологиялар осынау мекемеден табылуы тиіс қой. Осы мәселені бірінші кезекке қойып отырған Қалдыбай Ма­қа­тай­ұлы ардагерлердің көпші­лігі қазір өз бетінше жүріп-тұ­ра ал­майтындығын, оларға үл­кен күтім керек екендігін айтады. Сондықтан дәрігерлер науқастардың үйлеріне жиі барып, денсаулығын бақылап, емдеп отырады.

Қазіргі кезде емхана қызметпен қамтып отырған тұрғындар саны – 33173 болса, соғыс ардагерлері мен оған теңестірілген ардагер­лер саны – 12457 екен. Оған қоса соғыс ардагерлеріне және олар­ға теңестірілген тұлғаларға медици­налық қызмет көрсету қаланың жеті ауданы бойынша іске асырылады.

Мұнда жыл сайын қан айналымы, ішек обыры, қант диабеті, глаукома ауруларына қатысты алдын ала профилактикалық тексерулер, маммографиялык зерттеулер жүргізіліп жатады.

2000 жылы 30 төсекті күндізгі стационар бөлімшесі ашылған болатын. Осы күндізгі стацио­нар ыңғайлы жиһаздармен, тұр­мыс­тық техникамен, емдейтін фи­зиотерапевтикалық аппараттармен жабдықталған.

Сол сияқты, аталмыш емханада жүкті әйелдерді есепке алу жолға қойылған. Алдын-алу жұмыстарын белсенді жүргізу арқылы жақсы көрсеткіштерге жеттік, оның ішін­де жүкті әйелдерді темір және йод­тапшылығынан емдеуге және оның алдын алу тегін жүргізіледі, – дейді бас дәрігердің емдеу ісіне жауапты орынбасары Гүлнар Шахманова.

Жыл сайын емханада С.Ж.Ас­фендияров атындағы Қаз ҰМУ кафедраларын тартумен «Ашық есік күні», «Қарт тұлға­лар күні» деген іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар, Ардагерлер қо­ғамының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізіледі.

– Ауруларды емдейтін күндізгі стационардың, үй жағдайында көмек көрсететін стационардың, күндіз келіп емделетін жартылай стационардың көмегін мүм­кін­дігінше кеңейту керектігі сезілуде. Жасы ұлғайған науқастарды консер­­вативті терапиямен емдеу ке­рек. Осыған байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерлері ем­хана­сының аумағында соғыс арда­герлері мен еңбек және оған теңестірілген тұлғалар үшін стационарды алмастыратын күндізгі стационар ашылса дейміз, күніне бір рет түскі ас беретін, жақсы физиотерапевтік бөлімшесімен, сумен емдеуге, медициналық және сауықтыру шараларын өткізуге арналған санаторийлік стационар болса немесе «Ардагер» кешендік санаторийі сияқты стационар бөлінсе дейміз, – дейді емхана жетекшілері.

Міне, осылай Алматыдағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің емханасы өз емделушілерінің денсаулығын қорғауда қол­дан келген көмекті жасап, меди­циналық және әлеуметтік көмек көрсетуде. Өйткені, қарт адамдарды кешендік қорғау мемлекет саясатының басымдылығына ие болып келеді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.