• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Желтоқсан, 2019

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың көктемінде көшеді

419 рет
көрсетілді

Бұл туралы  Ұлттық банк төрағасы  Ерболат Досаевтың қатысуымен   Алматыда өткен баспасөз жиынында мәлім болды.    

«Менің ойымша еліміздің қаржылық секторында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Ұлттық банктің артынан елордаға ешкім хедкортерлерін көшірмейді. Бұл қалыпты жағдай. Өйткені Алматы қаржылық орталығымыз болып қала бермек», деді Ұлттық банк басшысы. 

Сонымен қатар Ерболат Досаев Алматыда Ұлттық банктің бөлімшесі болатынын ескертті. Оның пікірінше, бұл қаржылық қоғамдастық пен 2020 жылы қаңтар айында жұмыс істей бастайтын қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттімен «жақсы коммуникация» қалыптастыру үшін қажет.   

«Қаржылық тұрақтылық бойынша барлық жұмыстар Алматыда жүргізіледі деп жоспарлануда», деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар Е. Досаевтың түсіндіруінше,   Ұлттық банкті көшіру туралы қаулы  2019 жылдың  3 шілдеде қабылдаған.

«Одан бері алты ай өтті, көптеген пікірталастар болды. Ұлттық банктің  ғимаратына Қаржылық қадағалау агенттігі орналасады.  Ұлттық  Банк астанадағы үй-жайларды жалға алып, содан кейін өз ғимаратын салатын шығар», деді Ұлттық банк басшысы. Оның айтуынша, бұл елдің қаржы секторында айтарлықтай өзгерістерге әкелмейді. «Бұл қалыпты жағдай, өйткені Алматы - еліміздің қаржы орталығы. Барлық  қаржы институттары осында қалады. Ұлттық Банк қаржылық қадағалау агенттігімен де, қаржылық қоғамдастықпен де байланыс орнату үшін Алматы қаласында тұрақты өкілдігін құруға ниетті »,  деп түсіндірді Ұлттық Банк төрағасы.

Сонымен қатар оның айтуынша, қаржылық тұрақтылық аясында орындалатын барлық жұмыстар Алматыда өтеді.

«Ұлттық банкті жылжыту - бұл номенклатура емес. Бұл қалыпты құбылыс. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде  орталық банктер астаналарда орналасқан »,  деді Ұлттық банк басшысы.

Ұлттық банктің төрағасы  Нұр Сұлтандағы басқа мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істеу  барлық жағынан тиімді екенін атап өтті. 

«Бұл тек Алматыда ғана емес, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында да қаржы секторының дамуына серпін береді»,  деп қорытындылады Досаев.

Еске салсақ, 2015 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҰБ) орталық аппараты 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшірілетіні туралы хабарланған болатын.