• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Хоккей 10 Желтоқсан, 2019

Шайбалы хоккей: Даррен Диц «Жұлдыздар матчында» ойнайды

274 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының қорғаушысы Даррен Диц «ҚХЛ-дың Жұлдыздар матчында» өнер көрсетеді.  

26 жастағы канадалық легионерге осындай құрметтің тегін көрсетілмегені анық. Даррен былтырғы маусымда да айтулы матчта бақ сынап, қарсыластар қақпасын екі мәрте дәл көздеді. Биыл да ол айшықты өнерімен жанкүйерлерді қуантуда. Сол себепті де журналистердің дені оған дауыс беріп, айтулы ойыншыны «Жұлдыздар матчы» барысында көруді қалаған екен.

18-19 қаңтар күндері Мәскеуде өтетін турнирде Даррен Дицтен бөлек, Қазақстан құрамасы командасының тағы бір ойыншысы мұз айдынына шығады. Ол – Найджел Доус 2011-2018 жылдар аралығында «Барыстың» сапында жасындай жарқыраған Канаданың тумасы бұл күндері  Екатеринбургтің «Автомобилист» клубының намысын қорғауда.